Сасактар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Сасактар
Бүкіл халықтың саны

3 млн.

Ең көп таралған аймақтар

 Индонезия

Тілдері

сасак тілі

Діні

суннизм, индуизм

СасактарИндонезиядағы халық, Ломбок аралының орталық және шығыс бөліктерін мекендейді.[1] Саны шамамен 3 миллион адам (2015).[2]

Олар австронезиялық отбасының батыс австронезия тобының сасак тілінде сөйлейді. Диалектілер: Сасак және Леконг.[3]

Діні – ислам, көпшілігі сүнниттік мұсылмандар, бір бөлігі – индуистар. Оқшауланған жерлерде олар дәстүрлі нанымдарды сақтайды.[4]

Сасактар XV-XVII ғасырдың ортасында Сумбава аралында билеушілерге (макассарларға) вассал болса, кейін XVII ғасырдың ортасынан XIX ғасырдың ортасына дейін Бали аралының билеушілеріне тәуелді болды. Сонымен бірге сасактардың өміріне Бали мәдениетінің кейбір ерекшеліктері енді. Ломбокты 1894 жылы Нидерланды басып алды. Сасактар Голландия билігіне қарсы бірнеше рет наразылық білдірді.[5]

Дәстүрлі кәсіптері – суармалы, террассалы егіншілік (күріш, көкөніс, жеміс-жидек, кокос пальмасы). Буйвол, ит өсіру, аңшылық, жағалауда балық аулау, терушілікпен айналысады. Қолөнерден – ыдыс-аяқ заттарын тоқу (әйелдер), тор тоқу, төсеніштер, ағаш ұстасы, ағаш ою (ерлер).[6]

Тұрмыс салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауыл қауымдастығы сақталған, капиталистік қатынастар дамуда. Отбасы шағын, неке патрилокальды, туыстық есеп патрилинейлік.

Сасак балалары

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауылдары түзу орналасқан. Үйлері жер үсті, төртбұрышты, қаңқалы.

Дәстүрлі киімдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Киімі – каин.

Дәстүрлі тағамдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Азық-түлік негізінен өсімдікке тектес тағамдар.[7]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Сасактар. Тексерілді, 2 қараша 2024.
  2. Үлкен Ресей энциклопедиясы. Тексерілді, 2 қараша 2024.
  3. Кеңестік тарихи энциклопедия. Тексерілді, 2 қараша 2024.
  4. Сасактар. Тексерілді, 2 қараша 2024.
  5. Сасактар. Тексерілді, 2 қараша 2024.
  6. Әлем халықтары/Сасактар. Тексерілді, 2 қараша 2024.
  7. В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 473. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.