Друкпа

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Друкпа
бхотия
Бүкіл халықтың саны

360 000

Ең көп таралған аймақтар

 Бутан

Тілдері

дзонг-кэ

Діні

анимизм

Друкпа, бхотияБутандағы Гималай жоталарын мекендейтін туысқан халықтар тобы.[1] Олар үш топқа бөлінеді: галлон (батыс), бумтампа (орталық) және чангла (шығыс).[2] Халық саны 360 мың адам.[3]

Олар қытай-тибет отбасының орталық тобының бірнеше жақын тілдерінде сөйлейді.

Көпшілігі ресми Бутан дінін ұстанады, діни азшылықтардың (мұсылмандар, индуистар) саны аз. Ресми дінмен қатар кейбір анимистік идеялар сақталған, мысалы, тау рухтарына табыну.[4]

Дәстүрлі кәсібі — қолмен атқарылатын егіншілік (бидай , арпа, тары, қарақұмық, картоп, шалғам) және биік таулы жерлерде мал шаруашылығы (қодастар, цзо — қодастардың сиырлармен қоспасы, қойлар, ешкілер). Негізгі ауылшаруашылық жұмыстарын әйелдер атқарады. Тұз, жүн, астықпен керуен саудасы дамыған.[5]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тайпалық бөліну сақталған. Неке негізінен патрилокальды, полиандрия жиі кездеседі. Отбасы шағын.[6]

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Друкпалар аңғарларында тегіс шатыры мен ауласы бар тастан жасалған көп отбасылық үйлерде тұрады. Беткейлердегі ғимараттар бір-бірінің үстінде, ал төменгі үйлердің төбелері жоғарғы жағы үшін аула ретінде қызмет етеді. Малшыларда жүннен жасалған қара тұсті лашықтар жиі кездеседі.[7]

Дәстүрлі киімдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Негізгі тағамы – цзамба (қуырылған арпа дәнінен, қайнаған суға немесе сүтке қайнатылған ұн), сүт өнімдері, ет, көкөністер. Сүт пен тұз, жұмыртқа, сары май қосылған шай, чан (арпадан жасалған сыра) ішеді.[8]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Друкпа. Тексерілді, 8 тамыз 2024.
  2. Бутандықтар. Тексерілді, 8 тамыз 2024.
  3. Друкпа. Тексерілді, 8 тамыз 2024.
  4. Друкпа. Тексерілді, 8 тамыз 2024.
  5. Друкпа. Тексерілді, 8 тамыз 2024.
  6. Әлем халықтарының энциклопедиясы. Друкпа. Тексерілді, 8 тамыз 2024.
  7. Друкпа. Тексерілді, 8 тамыз 2024.
  8. Друкпа. Тексерілді, 8 тамыз 2024.