Тулу (халық)
Тулу | |
тулува | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
1,9 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
индуизм, ежелгі нанымдар |
Тулу — Үндістандағы халық, Тамилнад штатының батысындағы Тулува ауданында, сондай-ақ Махараштра, Карнатака және Керала штаттарының іргелес аймақтарында тұрады.[1] Жалпы саны 1,9 миллион адам (1992).[2]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тілі - дравидтер отбасының тулу немесе тулува тілі.[3] Жазуы каннада немесе малаялам әліпбиі негізінде.
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ресми діні - индуизм, бірақ ежелгі нанымдарға табыну таралған.[4]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі кәсібі – егіншілік (күріш, кокос пальмасы, көкөністер, жемістер, дәмдеуіштер). Майдагерлік кәсіпшіліктен кокос пальмасы өнімдерін өңдеу және саздан жоғары сапалы жабынқыш жасау ерекше дамыған. Көптеген тулулар плантацияларда, қалаларда зауыттарда жұмыс істейді және флотта қызмет етеді.[5]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Барлық тулу касталары тотемдік атаулары бар экзогамиялық топтарға (бали) бөлінеді. Отбасында матрилинейлік мұраның қалдықтары және матрилокальды некелер жиі кездеседі, қыздар ұлдардан жоғары бағаланады. Тулуларда жын-перілердің (бута) кең тараған культі бар, оларға жергілікті діни қызметкерлер қызмет етеді, храмдар салады, үйлерде бөлме немесе құрбандық үстелін арнайды. Ата-баба культі де дамыған, жерлеу рәсімдері күрделі.[5]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Большая советская энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/bse/141621/%D0%A2%D1%83%D0%BB%D1%83
- ↑ Тулу https://znachenieslova.ru/slovar/people/tulu
- ↑ Тулу https://megabook.ru/article/%D0%A2%D1%83%D0%BB%D1%83
- ↑ Большая советская энциклопедия https://gufo.me/dict/bse/%D0%A2%D1%83%D0%BB%D1%83
- ↑ a b народы мира / Тулу http://www.etnolog.ru/people.php?id=TULU