Друкпа
Друкпа | |
бхотия | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
360 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
дзонг-кэ | |
Діні | |
Друкпа, бхотия — Бутандағы Гималай жоталарын мекендейтін туысқан халықтар тобы.[1] Олар үш топқа бөлінеді: галлон (батыс), бумтампа (орталық) және чангла (шығыс).[2] Халық саны 360 мың адам.[3]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Олар қытай-тибет отбасының орталық тобының бірнеше жақын тілдерінде сөйлейді.
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көпшілігі ресми Бутан дінін ұстанады, діни азшылықтардың (мұсылмандар, индуистар) саны аз. Ресми дінмен қатар кейбір анимистік идеялар сақталған, мысалы, тау рухтарына табыну.[4]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі кәсібі — қолмен атқарылатын егіншілік (бидай , арпа, тары, қарақұмық, картоп, шалғам) және биік таулы жерлерде мал шаруашылығы (қодастар, цзо — қодастардың сиырлармен қоспасы, қойлар, ешкілер). Негізгі ауылшаруашылық жұмыстарын әйелдер атқарады. Тұз, жүн, астықпен керуен саудасы дамыған.[5]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тайпалық бөліну сақталған. Неке негізінен патрилокальды, полиандрия жиі кездеседі. Отбасы шағын.[6]
Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Друкпалар аңғарларында тегіс шатыры мен ауласы бар тастан жасалған көп отбасылық үйлерде тұрады. Беткейлердегі ғимараттар бір-бірінің үстінде, ал төменгі үйлердің төбелері жоғарғы жағы үшін аула ретінде қызмет етеді. Малшыларда жүннен жасалған қара тұсті лашықтар жиі кездеседі.[7]
Дәстүрлі киімдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі тағамы – цзамба (қуырылған арпа дәнінен, қайнаған суға немесе сүтке қайнатылған ұн), сүт өнімдері, ет, көкөністер. Сүт пен тұз, жұмыртқа, сары май қосылған шай, чан (арпадан жасалған сыра) ішеді.[8]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Друкпа. Тексерілді, 8 тамыз 2024.
- ↑ Бутандықтар. Тексерілді, 8 тамыз 2024.
- ↑ Друкпа. Тексерілді, 8 тамыз 2024.
- ↑ Друкпа. Тексерілді, 8 тамыз 2024.
- ↑ Друкпа. Тексерілді, 8 тамыз 2024.
- ↑ Әлем халықтарының энциклопедиясы. Друкпа. Тексерілді, 8 тамыз 2024.
- ↑ Друкпа. Тексерілді, 8 тамыз 2024.
- ↑ Друкпа. Тексерілді, 8 тамыз 2024.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |