Ғибадатхана
Ғибадатхана (араб. ғибадат-жалбарыну, сиыну) — Құдайға құлшылық ететін, діни рәсімдер мен парыздар атқарылатын ғимараттардың жалпы атауы. Исламда — мешіт, христиан дінінде-шіркеу, собор,монастырь, костел, кирха; иудаизм дінінде — синагога; ал будда дінінде ортақ атау жоқ, әр елде әр түрлі аталады (мыс., Жапонияда тэра, Шри-Ланкада вихара, Моңғолияда хурэ, т. б.). Ғибадатханалар, негізінен, іргелі, еңселі, биік мұнаралы, көп күмбезде бірнеше текшелі күрделі ғимарат болып келеді. Ғимараттың ішінде михраб, мінбар, алтарь секілді Құдайға мінажат ететін арнайы орындар болады. Ғибадатхана іші хүснихаттармен, періштелер мен әулиелердің бейнелерімен, ою-өрнектер мен әсем жазулармен безендіріледі. Ғибадатханалар архитектурасы адамның Құдайға құлшылық етіп, онымен байланысқа түсетін орны ретінде әр дінде әр түрлі діни тұспал нышандармен, сондай-ақ ұлттық ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Мысалы, мешіт күмбезінің ұшар басында міндетті түрде исламның белгісі — жарты ай бейнесі, ал шіркеуде — айқыш (крест) орнатылады[1][2].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақ әдебиеті». Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл. ISBN 9965-26-096-6
- ↑ Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |