Дамаск

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қала
Дамаск
араб.: دمشق
Әкімшілігі
Ел

 Сирия

Статусы

Астана

Мухафаза

Дамаск

Губернатор

Адел әл-Оляби

Тарихы мен географиясы
Координаттары

33°30′00″ с. е. 36°18′00″ ш. б. / 33.50000° с. е. 36.30000° ш. б. / 33.50000; 36.30000 (G) (O) (Я)Координаттар: 33°30′00″ с. е. 36°18′00″ ш. б. / 33.50000° с. е. 36.30000° ш. б. / 33.50000; 36.30000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

б.з.б. 2500 ж.

Жер аумағы

118 км²

Орталығының биiктігі

600 м

Уақыт белдеуі

UTC+2, жазда UTC+3

Тұрғындары
Тұрғыны

2 503 000[1] адам (2022)

Тығыздығы

14 864,41 адам/км²

Ресми тілі

араб

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+963 11

Damascus Governorate  (ар.)

Дамаск картада
Дамаск
Дамаск

Дамаск (араб.: دمشق‎), Шам (араб.: الشام‎) — Сирияның астанасы (1943 жылдан), ежелгі мәдениет орталығы. Дамаск туралы алғашқы жазба деректер б.з.б. 16 ғасырлардан бастап кездеседі. Қала Дамаск патшалығының орталығы (б.з.б. 11ғ,—б.з.б. 732 ж.), кейіннен Ассирия, Жаңа Вавилон, Ахеменид әулеті, А. Македонский, Селевеки әулеті, Рим, Византия мемлекеттетерінің құрамында болды. 635 ж. қаланы арабтар жаулап алған соң, халифаттың астанасына (671—770) айналды. Аббас өулеті тұсында астана Бағдад қаласына көшкен соң да, Дамаск діни, ғылыми-мәдени орталық ретіндегі мәртебесін жоғалтқан жоқ. 9—13 ғасырлар аралығында кала ор түрлі мұсылман мемлекеттерінің, 1260-1516 ж. мәмлүктердің, 1401 ж. Әмір Темір иелігінде болды. 1516-1518 ж. Осман сұлтандығының құрамында, 1920—43 ж. Францияның мандатты территориясы. Сирияның астанасы. Дамаскдегі "Бабуссағир" (Кішкене қақпа) бейітінде ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби жерленген.[2]

Дамаск —дүние жүзіндегі ең ежелгі астана

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ресми тілі көпшілік тұрғындардың ана тілі болып табылатын — араб тілі.

Дамаск — қазіргі дүние жүзі астаналарының ішіндегі ең ежелгісі. Оның арабша атауы Димашк немесе Аш-Шам. "Димашк" сөзінің шығу төркіні жөнінде көптеген пайымдаулар бар. Дамаск жөніндегі ең алғашқы еске алулар Мысыр перғауындарының XVIII әулетінің құжаттары мен аккад тақташаларында кездеседі. Онда кала Димаску немесе Димашка деп аталған.

Арамей құжаттарында Дамаск Дурмешек және Думмешек деп аталған. Дамаск ескі Өсиеттің бірінші кітабында маңызды қолөнер және мәдени орталық ретінде еске алынады. Кейінірек Дамаск аталып кеткен қоныс Солтүстік Арабия шөлдерінен жайылымдар басып алуға шыққан көшпелі арамей тайпаларының кезінде жоғары гүлдену дәрежесіне жетті. Дамаск, Сури, яғни Сирия еліндегі арамейлердің ең ірі орталықтарының біріне айналды.

Дамаск орасан тарихи және мәдени құндылыққа ие, өйткені мұнда ежелгі және ортағасырлық архитектураның ескерткіштері сақталған. Кейбір орамдар Селевкілер дәуірінде (б.з.д. 312—64 жж.) салынған, көшелері тік бұрышты жоспарланған болып келеді. Римдіктер жаулап алған кезеңнен қала қамалдарының, қақпалардың орны, монументті арқаның құлаған қалдықтары мен коринфтік бағаналары бар Дамаск Юпитерінің қасиетті ғибадатханасының қалдықтары сақталған.[3]

Дамаск көптеген аудандарға бөлінген. Олардың ішінде:

Дамаск аудандары
1 Аббасийин
2 Абу Руммани
3 Амара
4 Бахса
5 Барамка
6 Барзе
7 Думмар
8 Джобар
9 Кафар Сусе
10 Малки
11 Мазраа
12 Мезе
13 Мидан
14 Мухажрин
15 Канауат
16 Рукн Эддин
17 Аль-Салихийя
18 Саруджа
19 Ша’алан
20 Шагур
21 Тиджара
22 Баб Тума
23 Хиджаз

Мәдени ошақтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ескі шаһардағы Юпитер храмы
Умауи мешіті
Дамаскідегі ескі үйлер

Дамаск дуалдары мен қақпалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дамаскінің ескі қаласында сақталып қалған 7 қақпа бар:

  • Баб-әл-Сағир («Кіші қақпа») —
  • Баб-әл-Фарадис («Жәннат қақпалары»)
  • Баб-әл-Салам («Бейбітшілік қақпасы»)
  • Баб Тума («Фом қақпасы») — бұл есім апостол Фомның есімімен аталады. Қақпа христан кварталына алып барады
  • Баб Шарқи («Шығыс қақпасы»)
  • Баб Қисан —
  • Баб-әл-Жәбия

Бұлардан басқа Ескі шаһардың сыртында басқа қақпалар бар:

  • Баб әл-Фараж
  • Баб Мусалла
  • Баб Срәйжа
  • Зәйнаб мешіті
  • Рақайя мешіті
  • Баб-Сағир мазараты
  • Умауи мешіті — Сирияның үлкен мешіттірен
  • Дамаск соборы
  • Әулие Мария соборы
  • Әулие Анания соборы
  • Әулие Павел
  • Рим-католик кафедралды соборы - Зайтун аллаеясы.
  • Әулие Иоанна шіркеуі
  • Әулие Павел лавры
  • Әулие Георгий

Медреселер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Әл-Адилийя медресесі
  • Әл-Захирийя кітапханасы
  • Нұр әд-Дин медресесі

Ескі үйлер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Азем сарайы
  • Байтул Аккад (Дат институты - Дамаске)
  • Мактаб Анбар
  • Бейтул Мамлюк (қонақ үй)

Дамаскіде орналасқан шіркеулер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дамскідегі Умауилер мешіті

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Умаядтар мешіті
Умаядтар мешіті
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Умауилер мешіті

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. url=https://worldpopulationreview.com/world-cities
  2. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
  3. Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. —Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Damascus