Шаттандырғыш газ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Шаттандырғыш газ, диазот оксиді, N2O — түссіз, жағымды иісті газ, балқу t –91С, суда нашар ериді, тұз түзбейтін оксидтерге жатады. Шаттандырғыш газ азоттылау қышқылы айырылғанда түзіледі. Аммоний нитратын (NH4NO3) 190С-та қыздырған кезде алынады. Шаттандырғыш газды 700С-та қыздырғанда азот пен оттекке ыдырайды. Бұдан түзілетін бос оттек атмосферасында көміртек, күкірт, фосфор сияқты заттар жақсы жанады. Адам аз мөлшерде диазот оксиді араласқан ауамен демалса ауырған жерін сезбейді, сондықтан оны медицинада жеңіл операция жасау үшін қолданады. Мұндай қоспамен демалған адам көңілденіп, шаттана бастайды, сондықтан да оны “шаттандырғыш газ” деп атаған. Диазот оксидінің бұл анестетик. қасиетін алғаш зерттеген химик Деви (1798) оны иіскегеннен кейін “мен лабораторияда есалаң кісідей биледім” деп жазған.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Қазақ Энциклопедиясы, 9 том.