Иван Сергеевич Тургенев
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Иван Сергеевич Тургенев (28 қазан (9 қараша) 1818, Орёл, — 22 тамыз (3 қыркүйек) 1883, Буживаль, Франция) ) - орыс жазушысы,ақын.
- Ресей империясының Орел губерниясында, байлар отбасында дүниеге келген.
- 1837 жылы Санкт-Петербургтегі университетін бітірген.
- Шет елде, әсіресе Алмания менен Францияда көп тұрған.Еуропады, әсіресе Парижде батыс әдебиетшілерімен байланыстары болған.Парижде жүргенде, Тургеневтың хатшысы Ысмайыл Ғаспыралы еді.
- Алманиядағы Баден-Баден арасан суы бар елді мекенінде демалыс алған. Алманияда жүргеннің әсерінен "Ася" повестін жазған.
- Тургеневтың әдеби орыс тілінде жазылған проза шығармалары - орыс классикалық әдебиетінің үлгі болып саналады. Осы шығармаларына алдыменен "Әкелер мен балалар", "Аңшының жазбалары", "Дворян ұясы" романдары, "Ася", "Му-Му" повестері жатады.
- Тургенев бірнеше өлеңдер мен 6 поэма жазып қана қоймай,Гётені,Байронды,де Мюссені аударған.
- "Отцы и дети" ("Әкелер мен балалар") романында бір жағынан Ресейдің түрлі әлеуметтік таптан шыққан зиялы қауымының өкілдерінің өркендеуі, екінші жағынан "нигилизмнің" өсуін көрсетті. .
- Тургенев орыс халқына жақын украин мәдениетін жоғары бағалаған, Т.Шевченкомен танысып дос еді, Шевченко Қазақстандағы айдауынан қайтқанда онымен жиі кездескен еді, Шевченко туралы естелігін («Воспоминание о Шевченко») жазған. Марко Вовчоктың досы еді.
- Тургеневтің «Рудин», «Қарсаңда», «Әкелер мен балалар», «Түтін» атты романдары орыстың реалистік әдебиетінің таңдаулы туындылары саналады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Иван Сергеевич Тургенев |
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |