Етіс
Етіс (етіс категориясы) деп амалдың (істің) субъекті мен объектіге қатысын, сондай-ақ, керісінше субъекті мен объектінің амалға (іске) қатысын білдіретін формалардың жүйесін айтамыз. Етістер - етістіктен етістік тудыратын, өздерінше морфологиялық және синтаксистік сипаттары басқашалау болып келетін, бір алуан жұрнақтардың жүйесі.
Етістерді етістіктің өзге категорияларынан ерекшелендіріп тұратын сипаттары мынадай:
- ол онан жөн сұрады;
- олар бір-бірінен жөн сұрасты;
- ол одан жөн сұратты;
- онан жөн сұралды;
- ол өзі сұранды
деген сөйлемдердегі етістіктерін (сұра, сұрас, сұрат, сұрал, сұран) бір-бірімен салыстырғанда, олар бір түбірден өрбіген түбірлес негіздер екені айқындалады. Осы бес түрлі негіздің соңғы төртеуі сұра түбірінен тиісті жұрнақтар арқылы (-с, -т, -л, -н) туып, бір-бірінен ерекшеленіп тұр; осы формаларына қарай (түпкі лексикалық мағынасы бір бола тұрса да), олардың семантикалық мәндерінде де бір-бірінен айырмашылық бар.
Сондай-ақ: | тасы, тасыс, тасыт, тасыл, тасын; |
жу, жуыс, жудыр, жуыл, жуын | |
айт, айтыс, айттыр, айтыл | |
тәрізді түбірлес етістіктерден де осы жүйе аңғарылады. |
Етістер жұрнақтарының түрлеріне, мағыналары мен қызметтеріне қарай, төмендегідей төрт түрге бөлінеді:
- Ортақ етіс -с /-ыс/ -іс;
- Өзгелік етіс -т/ -тыр/ -тір/ -дыр/ -дір / -ыр/ -ір/-сет;
- Ырықсыз етіс -ыл /-ын/-іл /-ін/-л/-н;
- Өздік етіс -ын /-ін/ -н
Әдебиет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- А. Ысқақов, "Қазіргі қазақ тілі", 1974 ж.