Дмитрий Оськин
Дмитрий Оськин (30.10.1930 жыл, Рязань облысы, Клепиков ауданы, Траново деревнясы) - жазушы.
Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен колхоз жұмысына араласқан. Паровозда от жағушы, тас қалаушы болған. 1956 жылдан бастап өлең жазумен айналысқан. Осы кезде комсомолдық жолдамамен Қазақстан магниткасы құрылысына келіп, тас қалаушы бригадирі болған. Алғашқы топтама өлеңі «Комсомолец Караганды» газетінде 1959 жылы шыққан. 1961 жылдан бастап очерк, әңгімелері орталық «Молодая гвардия», «Юность» журналында жариялана бастаған. 1970 жылы, өндірістен қол үзбей, М.Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген. Көптеген очерктері мен деректі повестері Мәскеу баспаларынан шыққан ұжымдық жинақтарда басылған. Оның біраз туындысы қазақ, болгар, неміс тілдеріне аударылған.
Шығармалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Казахстанская магнитка - колыбель моя. Очерки. А., «Қазақстан», 1975;
- Верю төбе. Повести и рассказы. А., «Жазушы», 1985.
«Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл