Мазмұнға өту

Құрметті оқырман, қазақша Уикипедияның Telegram арнасына жазыла аласыз

Вакуоль

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жасуша құрылысы, вакуоль — 10 нөмірде

Вакуоль (Vacuola cellularis, лат. vacuus - бос қуыс) — жасуша ішінде болатын көпіршік, көбіне ішінде сұйықтық болады. [1]

Жас жасушада вакуоль көпіршік күйінде болады. Өсімдік өскен сайын вакуоль ұлғаяды және жетілген жасушаның 70-95% құрайды.[2]

Вакуоль өсімдіктер мен жануарлар жасушаларында болады. Өсімдіктер вакуолі жануарлардікіне қарағанда ірірек және жақсы жетілген. Вакуоль дегеніміз - жасушалардың дамуы және ескіруі барысында цитоплазмада анық көріне бастайтын сұйықтық. Вакуольдерде ерітінді күйінде минералды тұздар, қант заттары, сондай-ақ жасушаның өмір сүруіне қажетті әр түрлі органикалық қышқылдар, таниндер, пигменттер және басқа да заттар шоғырланады. Вакуольдердің пигменттері, гүлдердің желектеріне және өсімдік- тердің басқа да бөліктеріне (қызылшаның тамырларына, баклажанның жемістеріне, күзгі жапырақтарға) қызыл, көгілдір, жасыл бояу бөліп шығарады. Вакуольдер жас жасушаларда өте ұсақ болады да, ал қартайған сайын вакуольдер бір-бірімен қосылып, ірі вакуольдерге айналады. Вакуольдердегі жасуша шырыны зат алмасудың өнімдері болып табылады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе.
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б.


pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy