Атлантикалық Пиреней
Атлантикалық Пиреней (фр. Pyrénées-Atlantiques, баск Pirinio Atlantikoak, окс. Pirenèus Atlantics) — Францияның оңтүстік-батысындағы департамент, Аквитания аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі — 64. Әкімшілік орталығы — По. Халық саны 600 мың адам (департаменттер арасында 37-ші орын, 1999 ж.). Ірі қалалары — Байонна, Биарриц, Англет.
Географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жер аумағы 7645 км². Департамент арқылы Адур, Бидассоа, Нивель, Уабиа өзендері ағып өтеді. Испаниямен шекарасында Францияның ең оңтүстік қаласы —Андай орналасқан.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Департамент 3 округ, 52 кантон және 547 коммунаны қосады.
Климаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Батыс пен солтүстікпен салыстырғанда таулы жүйенің шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашын аз болады; құрғақ аймақтар Каталонияның батысындағы Пиренейге дейінгі аңғарлар (салыстыру үшін: Адрал қаласында 636 мм / г және Атлантикалық Пиренедегі 1500 мм / г-ден астам).[1]
Биарриц
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Биарриц белгілі бір геологиялық жерде орналасқан: ландес (la côte landaise) жағалауы Англлетке (Anglet) дейін созылып, 200 км тік және төмен құмды жағалаулардан құралған. Алайда, Биаррицтен бастап, Баск жағалауы әлдеқайда жартастарға толы.[2]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Төмегі Пиреней — 1790 ж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған алғашқы 83 департаменттің бірі. Бұрынғы Гиень, Гасконь және Беарн провинцияларының аймағында пайда болған. 1969 жылы қазанда Төменгі Пиреней Атлантикалық Пиреней болып өзгертілді.
Қосымша
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Пиреней климаты - айналадағы жауын-шашын деңгейі мен температура.
- ↑ Биарриц Атлантикалық Пиреней Департаментіне жататын сәнді курортты қала. Оның географиясы.
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Prefecture website (in French)
- Conseil Général website Мұрағатталған 1 желтоқсанның 1998 жылы. (In French)
|
Бұл — Франция географиясы туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |