Анаис Нин
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Анаис Нин (1903ж. 21 ақпан, Нейи, Франция – 1977ж. 14 қаңтар, Лос-Анджелес, АҚШ), америка жазушысы, ұлты-француз. Куба сазгері Хоакин Нинаның (1878-1949) қызы. 1932ж. Парижде өзінің әдеби мансабын бастаған. 1940ж. Нью-Йоркке көшкен, өзінің қаржысымен романдар мен әңгімелер жариялаған. Нин шығармалары және Жандар қаласы романы 5 томнан тұрады (1959), психоталдау және сюрреализм әсерімен жазылған. 1966 ж. жеке күнделіктерінің бірінші томы шыққанда ғана мойындалып, кейін тағы 7 томы жарияланған. Оның әкесімен ұзақ уақыт қанаралас қарым-қатынасы туралы әңгімесі ол қайтыс болған соң жарияланды.