Алыстан көргіштік
Алыстан көргіштік— көз жанарының нашарлауы, заттардың түрсипатының бұлдырап көрінуі (әсіресе жақыннан). Алыстан көргіштік туа бітеді және жүре келе пайда болады. Балалардың барлығы дерлік алыстан көргіш болып туады, алайда өсіп-жетілу процесінде алыстан көргіштіктің дәрежесі біртіндеп төмендеп, шамамен 10 жасқа келгенде көпшілігінің көруі қалыпқа түседі. Әлсіз немесе орта дәрежедегі алыстан көргіштік (3 диоптрийге дейін) әдетте қалыпты болып есептеледі, сондықтан оны арнаулы көзәйнекпен түзетудің қажеті жоқ. Алыстан көргіштіктің аса жоғары дәрежесінде кейде (5 диоптрийден жоғары) айқын көру бұзылады және тіпті көзәйнек кигеннің өзінде де нормаға жетпейді. Егер адам көзәйнек кимесе, алыстан көргіштік жағдайында оның көзі тез шаршайды, басы айналып, маңдайы мен көзінің маңайы зеңіп ауырады, көз қысымының артқаны сезіледі, оқыған кезде әріптер бұлдырай бастайды.
Жұмыста үзіліс жасау бұл құбылыстарды уақытша жонды, бірақ ол кейіннен қайта пайда болады. Мектеп оқушыларының басы қатты ауырған кезде дәрігерге көрінуі керек, ал алыстан көргіштік байқалған жағдайда балалар көзәйнек киюге тиіс. Кейде балалардың алыстан көргіштігі кезінде көздің қылиланып кетуі де мүмкін. [1]
Алыстан көрудің себептері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алыстан көрудің себептерінің бірі алдыңғы-артқы осьте көз алмасының кішірейтілген мөлшері болуы мүмкін. Іс жүзінде барлық сәбилер-алыс. Бірақ жастайынан бұл ақау көз алмасының өсуіне байланысты жоғалады.
Аурудың кәріліктен пайда болу себебі — көз бұршағының қисаюының өзгерісін өлшей алмауы. Бұл процесс шамамен 25 жастан басталады, бірақ тек 40-50 жасқа қарай көздің қалыпты қашықтығында (25-30 см) оқу кезінде көру өткірлігінің төмендеуіне әкеледі. Шамамен 65 жыл көз іс жүзінде аккомодация қабілетін жоғалтады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |