Бушмендер
Бушмен | |
сан, са, сонква, масарва, басарва, куа | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
90 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Намибия |
41 000 |
Ботсвана |
36 000 |
Ангола |
9 000 |
Тілдері | |
Діні | |
дәстүрлі нанымдар |
Бушмендер (голланд тілінде bаsjesman — “орман адамы”) — Оңтүстік және Шығыс Африканың Калахари мен Намиб шөлді аймақтарында тас ғасырынан бері қоныстанып келе жатқан ежелгі, жергілікті халық. Жалпы саны — 90 мың адам (1996). Қазір Намибияда (41 мың), Ботсванада (36 мың), Анголада (9 мың), Зимбабведе (2 мың) тұрады. Зәңгі нәсілінің бушмен тобына жатады.[1]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Олар бушман тілінде, сондай-ақ банту тілдерінде сөйлейді.[2]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Осы уақытқа дейін бушмендер бір кездері алыстағы ата-бабалары ұстанған дәстүрлі шаманизмді ұстанады. Бақсылар - өте құрметті адамдар, олар рухтармен және құдайлармен байланысады. Бушмендердің ең көне нанымдары халықтық дәстүрлерде айқын көрініс тапқан. Олар басқа африкалық халықтардың мифтерінен ерекшеленеді. Кейіпкерлері жануарлар. бушмендердің аңыздары бойынша Күннің, Айдың және барлық дерлік жануарлар мен құстардың жаратушысы болған шегірткеге ерекше құрмет көрсетіледі.[3]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бір кездері Оңтүстік Африканы түгел қоныстанған бұл көп халықты солтүстіктен бантулар, оңтүстіктен Еуропа отаршылары ығыстырып, қырғынға ұшыратқан, ата-мекендерінен жер аударған.
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бушмендер бұрын кезбе аңшылық пен терімшілікпен шұғылданған. Бантулар келгенге дейін олар металл және қыш ыдыстарды білмеген. Ерлері ұшы тастан, сүйектен жасалған жебелері бар садақпен қаруланып, аң-құс ауласа, әйелдері ағаш құралдармен жер өңдеген. Құс етін салатын тері дорба, түйеқұс жұмыртқасының қабығынан істелген ыдыстар сияқты қарапайым бұйымдарды пайдаланған. Бушмендер су жоқта дымқыл жерлерден тростник трубалар арқылы су тартуды білген. Қазір көптеген Бушмендер еуропалық фермаларға және қалалардағы кәсіпорындарға жұмысқа жалданады.
Бушмендер ежелден-ақ тасқа бедерлеп және бояумен қашап сурет салудың шебері. Жартастарға минерал немесе топырақ бояулармен, мал майы мен суға ерітілген әкпен, күйемен салынған суреттер ОАР, Лесото, Замбия, Зимбабве, Намибия жерлерінде осы күнге дейін сақталған. Бұл суреттердің салынған мерзімі б.з.б. мыңыншы жыл мен бірнеше жүз жыл аралығына жатқызылады.[1]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бушмендер әке жағынан қауымдастыққа бірігеді. Кунг, нусон, сарва сияқты ірі рулары да бар.
Үңгірлерді, ағаш бұтақтарынан жасаған ықпаналарды, құмды жерлерде қазылған шұңқырларды мекендеген. Шағын жанұяларда 10 — 15 адам болады.
Киім орнына мал терісінен тігілген тері жапқыш (каросс) пайдаланған. Қыздар түйеқұс жұмыртқасының қабығынан жасалған алқаларды, шөптен жасалған білезіктерді, боялған сүйектермен безендірулерді пайдаланған.
Әйелдер мен балалар жәндіктерді, жеуге жарамды тамырлар мен жапырақтарды, тұқымдарды, жемістерді, балды жинайды. Ас мәзірінде балық, жабайы құстардың жұмыртқалары бар.[4]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ a b «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том
- ↑ Большая советская энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/bse/72067/%D0%91%D1%83%D1%88%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%8B
- ↑ Традиции бушменов – уникальное “путешествие во времени” Источник: https://musaget.ru/traditsii-bushmenov-unikalnoe-puteshestvie-vo-vremeni
- ↑ Бушмены – где живет народ Африки, краткое описание внешнего вида и их обычаев Источник: https://sprint-olympic.ru/uroki/geografija/126576-byshmeny-gde-jivet-narod-afriki-kratkoe-opisanie-vneshnego-vida-i-ih-obychaev.html Мұрағатталған 26 наурыздың 2023 жылы.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |