Энгадин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Жоғарғы Энгадиннан Зильсер және Сильванер өзендеріне көрініс.

Энгадин (неміс. Engadin; рето-роман. Engiadina) — Швейцариядағы Граубюнден әкімшілік орталығында орналасқан таулы туристік шипажай.

Малоя асуынан бастап Аустрия шекарасындағы Финмтермюнц асуына дейінгі Инн өзенінде орналасқан. Берекесіз таулы топырақпен, ұзақ қыстарымен, ұзақ уақыт күн шығып тұратын күндермен жәнеде дымқыл ауамен сипатталад. Энгадин тілдері — рето-романдық болып келеді (жергілікті дивлект). Энгадин аумағында бірнеше Швейцариялық ұлттық саябақтар орналасқан. Алқап Жоғаргы Энгадин(неміс. Oberengadin, алқап 1600-1800м биіктікте орналасқан) және Төменгі Энгадин (неміс. Unterengadin, 1019-1610м биіктікте орналасқан) деп екіге бөлінген. Жоғарғы Энгадин территориясында — Зильс, Сильваплана, Кампфер және Санкт-Мориц өзендері орналасқан. Осы аймақта гранит және гнейс кристалдық тау жыныстары жиі кездеседі. Ал төменгі Энгадин алқабы әктас тасының жыныстарына бай.

Туризм — елді мекендегі халықтың ең басты табысы болып келеді. Территорияда Зильс, Сильваплана, Санкт-Мориц секілді таулы шипажайларында минералды бұлақтар орналасқан. Ал Төменгі алқапта Скуоль, Тарасп және Вульпера секілді таулы шипажайлары шипалы болғандықтан танымал болып келеді. Аудан Швейцарияның басқада асуларымен байланысқан, Кур — Санкт-Мориц, Санкт-Мориц — Скуоль и Санкт-Мориц — Понтрезина — Тирано (Италия) деген темір жолдар ауданды басқада тығыз орналасқан қалалармен байланыстырып тұр.

Жоғарғы Энгадиндағы халықтың ұлттық киімі.

Ерте заманда Энгадин ежелгі римдік Реция Прим түкпірінде болған. Ал ортағасырларда Кур епископствасына бағынған. Энгадин басқада епископтың құрамында болған жерлермен бірге «құдайдың одағын» құрған, біріншіден Габсбург экспансияларына қарсылық көрсеткен. «Құдайдың одағы» атты одақта 1498 жылдан бастап 7 шығыс Швейцария жерлері кірген. 1526 жылы болған реформациядан кейін Энгадин жаппай ұтысқа тап болды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]